
Ғарыш техникасын өндіру - бұл отандық ғарыш саласына дамудың жаңа кезеңіне шығуға мүмкіндік беретін жаңа бағыт. Осы мақсатта Нұр-Сұлтан қаласында Ғарыш аппараттарын құрастыру-сынау кешені салынды. Кәсіпорында жобалаудан бастап салмағы 100 кг-нан 6 тоннаға дейінгі спутниктерді құрастыруға және сынауға дейінгі жұмыстардың барлық циклі, сондай-ақ спутниктерге арналған жинақтауыштарды дайындау орындалатын болады.
2017 жылдың соңында ғарыш аппараттарын құрастыру-сынау кешені объектісінің басты құрамдас бөліктерінің бірі – ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросы ашылды. Негізгі құрылыс жұмыстары аяқталу сатысында тұр, ал ҒА ҚұСК сынақ учаскелерінің барлық технологиялық жабдықтары дайындалды,зауыттық сынақтан сәтті өтті және Нұр-Сұлтан қаласына жеткізілді.
Өндірістік және сынақ учаскелерін халықаралық стандарттар бойынша сертификаттау 2022 жылы аяқталатын болады.
Тәжірибелік өндірісі бар ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросында ғарыш аппараттары үшін жиынтықтауыштарды жобалау және дайындау және оларды сынау орындалатын болады. Барлық жұмыстарды қазақстандық мамандар жүргізетін болады.
Ғарыш аппараттарын құрастыру-сынау кешенінде ғарыш аппараттарын сынаудың барлық түрлері (механикалық, электрлік, термиялық және термовакуумдық), сондай-ақ мынадай үлгідегі ғарыш аппараттарын жиынтықтаушы өндіру жүргізілетін болады: