Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Халықаралық ынтымақтастық

Ғарыш саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту «Қазақстан-2050» Стратегиясында, Қазақстанның әлемдегі ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына кіруі жөніндегі тұжырымдамада, 2023-2029 жылдар кезеңіне арналған ғарыш саласын дамыту тұжырымдамасында айқындалған Қазақстанның ғарыш саласын дамытудың стратегиялық мақсаттарына қол жеткізу шарттарының бірі болып табылады.

Сондай-ақ, «Ғарыш қызметі туралы» ҚР Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының ғарыш кеңістігін бейбіт мақсатта зерттеу және пайдалану саласындағы халықаралық ынтымақтастығы ғарыш қызметінің бағыттарының бірі болып айқындалды.

Қазіргі уақытта Ғарыш кеңістігін бейбіт мақсатта зерттеу және пайдалану саласында шет елдермен де, халықаралық ұйымдармен де халықаралық ынтымақтастықты орнату және дамыту бойынша жұмыс жалғасуда.

Аэроғарыш комитеті екіжақты және көпжақты форматтарда ғарыш кеңістігін бейбіт мақсатта зерттеу және пайдалану бойынша ынтымақтастықты дамытуды жалғастыруда.

Ғарыш саласындағы халықаралық ынтымақтастықты орнату және дамыту шеңберінде Беларусь Республикасы, Израиль мемлекеті, Қытай Халық Республикасы, Ресей Федерациясы, Өзбекстан Республикасы, Украина және Франция Республикасы сияқты елдермен бірқатар мемлекетаралық және үкіметаралық келісімдерге қол қойылды.

Сондай-ақ, 2019 жылы ҚР ЦДИАӨМ мен Біріккен Ұлттар Ұйымы арасында өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылды.

Аэроғарыш комитеті жақын және алыс шетелдердің серіктестерімен екіжақты үкіметаралық комиссиялардың, кеңестердің, жұмыс топтарының жұмысына белсенді қатысады, Ғарыш жөніндегі бірлескен жұмыс топтарында шетелдік әріптестермен жұмысты жалғастырады, әріптестермен одан әрі ынтымақтастық мәселелерін талқылау бойынша кездесулер өткізеді, халықаралық форумдарға, конференцияларға қатысады.

Көпжақты форматта Қазақстан Ғарыш мәселелері бойынша БҰҰ, ТМД, ЕАЭО және басқа да халықаралық ұйымдармен ынтымақтасады.

Халықаралық ынтымақтастық шеңберінде Аэроғарыш комитетінің БҰҰ Ғарыш кеңістігін бейбіт мақсатта пайдалану жөніндегі комитетінің жұмысына және оның ғылыми-техникалық және Заң кіші комитеттеріне ғарыш қызметін дамыту, ғарыштық қауіпсіздік проблемаларын шешу және ғарышта қару-жарақ жарысының алдын алу мақсатында қатысуы жөніндегі жұмыс жандандырылуда.

Қазақстан Республикасы 2005 жылы баллистикалық зымырандардың таралуына қарсы күрес жөніндегі Гаага кодексіне қосылды және сол арқылы көптеген жылдар бойы Зымыран технологияларын таратпау қағидаттарына бейілділігін және зымыран технологиясын бақылау режиміне кіруге дайындығын көрсетіп келеді.

ҚР ЦДИАӨМ Аэроғарыш комитеті өзінің ғылыми-техникалық әзірлемелерімен және зерттеулерімен халықаралық бағдарламалар мен жобаларға кірігуді жоспарлап отыр, ғарыш кеңістігін бейбіт мақсатта зерттеу және пайдалану саласындағы халықаралық ынтымақтастықты орнатуды және дамытуды жалғастыратын болады, сондай-ақ ғарышта қару-жарақты таратпау қағидаттарына өзінің бейілділігін растайтын болады.

Документы
Новости
Полезные материалы
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы