2026 жылғы 19 қазанда «KazAID» Қазақстандық халықаралық даму агенттігінің Басқарма төрағасы Нұрғали Арыстановтың Португалияның Қазақстандағы Елшісі Жозе де Каштру Атаиде Амаралмен танысу кездесуі өтті.
Әңгіме барысында тараптар KazAID пен португальдық Camões – Instituto da Cooperação e da Língua, I.P. (Camões I.P.) агенттігі арасында ресми дамуға жәрдемдесу (официальная помощь развитию) желісі бойынша ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады.
2026 жылғы 15–16 қазан аралығында «KazAID» Қазақстандық халықаралық даму агенттігі Басқарма төрағасы Нұрғали Арыстанов Бангкок қаласында (Таиланд) Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ), Корея халықаралық ынтымақтастық агенттігі (KOICA) және Таиландтың халықаралық ынтымақтастық агенттігі (TICA) ұйымдастырған ЭЫДҰ Дамуға жәрдемдесу комитетінің (ДЖК) Азия елдерінің даму мәселелері жөніндегі диалогына қатысты.
Бұл диалог ЭЫДҰ ДЖК мен Азия өңіріндегі даму агенттіктерін біріктіретін алғашқы өңірлік іс-шара болып табылады. Іс-шараға әртүрлі ДЖК агенттіктерінен, министрліктер мен қаржылық даму институттарынан 100-ден астам қатысушы жиналды.
KazAID Басқарма төрағасы тақырыптық сессияда сөз сөйлеп, қазақстандық агенттіктің қызметі, серіктес елдердегі даму бағдарламалары және халықаралық стандарттарға сәйкес ЭЫДҰ ДЖК шеңберінде елдің ДРК саласындағы есептілігінің ашықтығы туралы ақпаратпен бөлісті.
Іс-шара аясында Нұрғали Арыстанов даму агенттіктері мен ЭЫДҰ өкілдерімен ынтымақтастық мәселелерін талқылау мақсатында бірқатар екіжақты кездесулер өткізді. Атап айтқанда, ЭЫДҰ ДЖК Төрағасы Карстен Стаурмен, KOICA вице-президенті До Йанг А-мен, ЭЫДҰ ДЖК жаһандық өзара іс-қимыл бөлімінің басшысы Рольф Шварцпен, ЭЫДҰ ДЖК Тұрақты даму бөлімшесінің қаржы бөлімінің басшысы Ясмин Ахмадпен, Индонезия СІМ Халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры Рина Сетиаватимен, Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігінің (TİKA) кеңесшісі Эмре Юксекпен, Норвегиялық даму агенттігінің (NORAD) аға кеңесшісі Элизе Гуздамен және диалогтың басқа да қатысушыларымен ынтымақтастық пен даму мақсатындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды.
2026 жылғы 12 қазанда «KazAID» Қазақстандық халықаралық даму агенттігі Басқарма төрағасы Нұрғали Арыстановтың JICA сарапшысы Уэхара Макико және бизнес ілгерілету жөніндегі кеңесші (JICA эксперті) Мураяма Мицуомен кездесуі өтті.
Жүздесу барысында тараптар ынтымақтастықтың келешегі бар бағыттарын, соның ішінде Орталық Азия үшін стихиялық апаттар қаупін азайту және тұрақтылықты арттыру, сондай-ақ кәсіпкерлікті қолдау салаларын талқылады.
Тараптар бірлескен бастамаларды одан әрі кеңейтуге өзара мүдделілік танытты.
"KazAID" Қазақстандық халықаралық даму агенттігі, Төтенше жағдайлар және стихиялық бедствиелер қаупін азайту орталығы және Япондық халықаралық ынтымақтастық агенттігі (JICA) бірлесіп «Орталық Азиядағы стихиялық бедствиелер қаупін азайту және тұрақтылықты арттыру үшін өңірлік семинар: нақты деректерге негізделген қауіптерді азайту бойынша тәжірибе алмасу және әріптестік орнату» атты өңірлік іс-шараға шақырады.
Семинардың мақсаты мен бағдарламасы
Іс-шара Жапония мен Қазақстанның апаттар қаупін азайту (DRR) саласындағы озық тәжірибесін ұсынуға, критикалық инфрақұрылымды қорғауға және Орталық Азия елдері арасындағы төтенше жағдайларға төтеп беру әлеуетін арттыруға бағытталған.
Баяндамашылар мен сарапшылар:
Сондай-ақ шараға Қазақстанның ТЖМ Ұлттық науқани сейсмологиялық бақылаулар мен зерттеулер ғылыми орталығының өкілдері мен өңірлік сарапшылар қатысады.
Тіркелу тәртібі
Семинарға қатысу үшін 2026 жылғы 30 қазанға дейін онлайн тіркеуден өту қажет.
*Ескерту: Офлайн форматта қатысушылардың жол жүру және тұру шығындарын қатысушы тарап өтейді.
«KazAID» Қазақстандық халықаралық даму агенттігі» КЕАҚ Ішкі аудит қызметінің қызметкері лауазымына орналасуға конкурс жариялайды – 1 бірлік.
Ішкі аудит қызметінің қызметкеріне қойылатын біліктілік талаптары:
1) Бухгалтерлік есеп және аудит, және/немесе қаржы, және/немесе экономика, және/немесе құқықтану салаларындағы жоғары кәсіптік білім және қосымша арнайы дайындық;
2) Аудит, және/немесе бухгалтерлік есеп, және/немесе қаржы саласында кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесі;
3) Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарын білу;
4) Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, соның ішінде аудиторлық қызмет, бухгалтерлік есеп, салық салу мәселелері бойынша білу;
5) «Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес алынған «аудитор» біліктілік куәлігінің, және/немесе ішкі аудит саласындағы CIA (Certified Internal Auditor) сертификатының, және/немесе Алқалы сертификатталған бухгалтерлер қауымдастығының (ACCA) сертификатының, және/немесе СAP (Certified Accounting Practitioner) практик-бухгалтер сертификатының, және/немесе Қазақстан Республикасының уәкілетті органында аккредиттелген сертификаттау жөніндегі ұйым берген кәсіби бухгалтер сертификатының, және/немесе DipFR (рус) (Diploma in International Financial Reporting) дипломының, және/немесе CIPA (Certified International Professional Accountant) халықаралық кәсіби бухгалтер сертификатының, және/немесе DipIA IFA (Ұлыбритания) ішкі аудитор дипломының міндетті түрде болуы.
Сондай-ақ, ағылшын тілін білгендерге артықшылық беріледі.
Жұмыс шарттары: толық емес жұмыс күні, Директорлар кеңесіне бағыныстылық.
Кандидаттардан түйіндемелерді қабылдаудың соңғы мерзімі: 01.11.2026 ж.
Түйіндемені мына электрондық мекенжайға жіберу қажет: office@kazaid.kz
2026 жылғы 8 қазанда «KazAID» Қазақстандық халықаралық даму агенттігі Басқарма төрағасы Нұрғали Арыстанов БҰҰ-ның Қазақстандағы Тұрақты координаторы Сарангоо Раднаарагчаа ханыммен кездесу өткізді.
Кездесу барысында Нұрғали Арыстанов БҰҰ өкілдерін серіктес елдердегі Қазақстан агенттігінің даму мақсатындағы қызметімен, сондай-ақ даму ресми көмек (ДРК) саласындағы басым бағыттармен таныстырды.
Өз кезегінде Сарангоо Раднаарагчаа ханым БҰҰ агенттіктерінің Орталық Азия мен Ауғанстан үшін БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттары (ТДМ) жөніндегі өңірлік орталығының және Алматы қаласындағы БҰҰ-ның басқа да орталықтарының бағдарламалары түпмәтінінде қазақстандық тәжірибе мен білімді ілгерілету және беру үшін KazAID-пен ынтымақтастықты дамытуға мүдделілігін білдірді.
2026 жылғы 6 қазанда «KazAID» Қазақстандық халықаралық даму агенттігі Басқарма төрағасы Нұрғали Арыстановтың Азия даму банкінің (АДБ) Қазақстандағы Елдік директоры Утсав Кумармен кездесуі өтті.
Кездесу барысында Нұрғали Арыстанов Агенттіктің Орталық Азия мен Ауғанстандағы серіктес елдерді дамытуға бағытталған жобалары, сондай-ақ серіктес елдерде салынған мектептер құрылысы саласындағы қызметі туралы ақпарат берді.
Утсав Кумар АДБ-ның өңірде іске асырылған жобалары және әлеуетті арттыру мақсатында Білім мен тәжірибе бөлісу бағдарламасы (ББТБ) туралы хабардар етті
Тараптар өңірде және одан тыс жерлерде даму мақсатында бірлескен жобаларды қарастыру мүмкіндігі туралы келісті.
2026 жылғы 2 қазанда «KazAID» Қазақстандық халықаралық даму агенттігі Басқарма төрағасы Нұрғали Арыстанов БҰҰ Даму бағдарламасының (БҰҰДБ) Қазақстандағы Тұрақты өкілі Катаржина Вавьерниамен кездесу өткізді.
Кездесу барысында Нұрғали Арыстанов Агенттіктің қызметі мен Орталық Азия мен Ауғанстандағы серіктес елдерді дамытуға бағытталған жобалары туралы, сондай-ақ KazAID, БҰҰДБ және Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі арасында қол қойылған Ниет туралы мәлімдеме шеңберінде бірлескен іс-шараларды ұйымдастыруға мүдделілік танытты.
Өз кезегінде Катаржина Вавьерниа ханым басым бағыттар бойынша бірлескен жобаларды іске асыруға қызығушылық білдірді.
2026 жылғы 24 қыркүйекте «KazAID» Қазақстандық халықаралық даму агенттігі Басқарма төрағасы Нұрғали Арыстанов Назарбаев Университетінің студенттері үшін «Даму саласындағы халықаралық ынтымақтастықтағы Қазақстанның рөлі» тақырыбында дәріс өткізді. Іс-шара Назарбаев Университеті Мемлекеттік саясат жоғары мектебінің ассистент-профессоры, доктор Артан Каринидің ұйымдастыруымен өтті.
Студенттерге даму саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың негізгі бағыттары, Қазақстанның халықаралық серіктестермен өзара іс-қимылы және одан әрі ынтымақтастықтың перспективалары туралы ақпарат ұсынылды. Дәріс студенттер тарапынан үлкен қызығушылық тудырып, халықаралық даму мен ынтымақтастық мәселелері бойынша мазмұнды пікірталас пен пікір алмасу түрінде жалғасты.
2026 жылғы 21 қыркүйекте «KazAID» Қазақстандық халықаралық даму агенттігі Басқарма төрағасы Нұрғали Арыстанов «BI Group»-тың «BI Juldyzai» Корпоративтік қорының Директордың орынбасары Құралай Карменовамен кездесу өткізді.
Кездесу шеңберінде Агенттіктің қызметі және серіктес елдерде іске асырылып жатқан жобалар туралы хабардар етті. Өз кезегінде, Қор өкілдері ұйымның инклюзивті қоғамды дамытуға, еліміздегі балаларды қолдауға бағытталған жұмысының негізгі бағыттарымен және қызмет географиясын кеңейту жоспарларымен таныстырды.
Тараптар өңірдегі ынтымақтастық мүмкіндіктерін және орнықты даму мақсаттарына жеткізу үшін бірлескен бастамаларды іске асыру мәселелерін талқылады.