
KazAID пен Литва Елшілігі ынтымақтастықтың келешегін талқылады
2025 жылғы 17 наурыз, Астана - KazAID Басқарма төрағасы Аркен Арыстанов Литва Республикасының Қазақстандағы Елшісі Эгидиус Навикаспен кездесті. Кездесу барысында тараптар KazAID қызметімен және оның басымдықтарымен танысып, ынтымақтастықтың әлеуетті бағыттарын талқылады.
Біз литвалық серіктестермен жемісті өзара іс-қимыл және бірлескен бастамаларды іске асырамыз деп үміттенеміз!