KazAID өкілдері Париждегі ЭЫДҰ WP-STAT отырысына қатысты

KazAID өкілдері Париждегі ЭЫДҰ WP-STAT отырысына қатысты

KazAID өкілдері Париждегі ЭЫДҰ WP-STAT отырысына қатысты

2025 жылғы 3-5 наурыз аралығында Парижде ЭЫДҰ дамуды қаржыландыру статистикасы бойынша жұмыс тобының (WP-STAT) отырысы өтті, оған KazAID әріптестік және аймақтық жобалар департаментінің директоры К.Ахметова және Департамент менеджері    Т. Түлкібаев қатысты.

Пандемия мен цифрландыру деректерін талдау үшін ЖИ қолдану, тұрақты даму, климат және көші-қон бойынша көрсеткіштер, сондай-ақ дамуға ресми көмектің (ДРК) ашықтығы мен тиімділігі мәселелері сияқты жаңа әдіснамалар қарастырылды. Қатысушылар дамуды қаржыландыру бойынша есепке алу және есептілік әдістерін, соның ішінде дамуға көмектесу үшін жеке инвестицияларды есепке алуды, көпжақты ұйымдарды қолдауды, мемлекеттік емес донорлардың рөлін, заттай көмек нысандарын, донорлық шарттардан көмекті алып тастауды және гендерлік, әлеуметтік жобалар бойынша есептілікті талқылады.

Кездесу қорытындысы халықаралық көмектің мониторингі мен бөлінуін жақсартуға, сондай-ақ донорларды үйлестіруді күшейтуге бағытталған жаңа ұсынымдар мен есептілік стандарттары болды. Бұл дамудың неғұрлым ашық, тиімді және жаһандық тұрақты даму мақсаттарына сәйкес келуі үшін маңызды.