
KazAID Орталық Азия елшіліктері үшін брифинг өткізді
2025 жылғы 3 наурыз, Астана - "KazAID" Қазақстандық халықаралық даму агенттігі Қазақстан Республикасындағы Тәжікстан Республикасы, Қырғыз Республикасы және Түрікменстан елшіліктері өкілдерінің қатысуымен брифинг өткізді.
Брифинг барысында KazAID Басқарма төрағасы А. Арыстанов және басқарма төрағасының орынбасары - KazAID Мониторинг және әкімшілік департаментінің директоры О. Сыздықов іс-шараға қатысушыларды Агенттіктің 2024 жылы іске асырылған "Достық: цифрландыру" бағдарламаларының, "Авиценна: денсаулық сақтау" және "Достық: дипломатия" екі компонентінің қорытындыларымен және нәтижелерімен таныстырды.
Сондай-ақ, KazAID өкілдері осы бағдарламалар шеңберінде 2025 жылға арналған табысты іске асыру жоспарларымен бөлісті.
Брифинг Қазақстандағы Орталық Азия елшіліктерінің өкілдерімен кері байланыс алмасу және өңір елдері арасындағы ынтымақтастықты нығайту мақсатында алаң болды.