2025 жылғы Ерiктi ұлттық шолуды талқылауға KazAID қатысты

2025 жылғы Ерiктi ұлттық шолуды талқылауға KazAID қатысты

2025 жылғы Ерiктi ұлттық шолуды талқылауға KazAID қатысты

Астана, 2025 жылғы 12 ақпан – Экономикалық зерттеулер институтында 2025 жылғы Ерiктi ұлттық шолуды талқылауға арналған семинар өтті. Іс-шара мемлекеттік органдар, сарапшылар қауымдастығы, бизнес және азаматтық қоғам өкілдерін біріктіріп, Қазақстанның тұрақты даму саласындағы жетістіктерін жан-жақты бағалауға және алдағы кезеңдегі негізгі сын-тегеуріндерді анықтауға мүмкіндік берді.

Семинардың негізгі тақырыптары:

✔ Тұрақты даму саласындағы прогресс – Қазақстан ЕҰШ-ты жүйелі түрде дайындап, Тұрақты даму мақсаттарына (ТДМ) қол жеткізуге деген ұстанымын растайды.

✔ ТДМ интеграциясы – 2029 жылға дейінгі ұлттық даму жоспары мен жаңартылған көрсеткіштер прогресті дәлірек бақылауға мүмкіндік береді.

✔ Инклюзивтілік процесі – Азаматтық қоғам, бизнес және жастарды басымдықтарды айқындау процесіне тартуға баса назар аударылды. Сондай-ақ ЮНИСЕФ-пен бірлесіп жүргізілген сауалнама нәтижелері талқыланды.

Серіктестіктің маңыздылығы

Қазақстанда ТДМ-ды тиімді іске асырудың негізгі аспектілерінің бірі – мемлекет, бизнес, сарапшылар мен азаматтық қоғам арасындағы белсенді өзара іс-қимыл. Талқылау көрсеткендей, барлық мүдделі тараптардың кешенді көзқарасы мен ынтымақтастығы тұрақты дамуға қол жеткізуде шешуші рөл атқарады.