KazAID-тен мәдени бағдарлама: АЛЖИР мұражайы

KazAID-тен мәдени бағдарлама: АЛЖИР мұражайы

KazAID-тен мәдени бағдарлама: АЛЖИР мұражайы

2025 жылғы 7 ақпан, Астана - семинар соңында KazAID кеден саласындағы тәуекелдерді басқару бойынша шебер-жаттықтырушылар бағдарламасының жұмыс тобының 2-ші отырысына қатысушылар үшін мәдени бағдарлама ұйымдастырды.

Семинар қонақтары Ақмола облысында орналасқан Кеңес Одағының ең ірі түзеу-еңбек лагерлерінің бірі - АЛЖИР мемориалдық кешеніне барды, онда 1938-1953 жылдары "Халық жауларының" әйелдері ұсталды.

АЛЖИР - қайғылы оқиғаны жасыратын қысқартылған атау: мыңдаған әйелдер саяси қуғын-сүргіннің құрбаны болған қиын сынақтардан өткен Отан сатқындарының әйелдерінің Ақмола лагері.

Экскурсия барысында Орталық Азия мен Кавказдан келген семинарға қатысушылар, сондай-ақ семинар спикерлері лагерь тұтқындарының тағдыры, сол жылдардағы ауыр сынақтар және тарихи жадыны сақтаудың маңыздылығы туралы білді. Бұл сапар қатысушыларға тарихи мұраны тереңірек түсінуге мүмкіндік берді.

Естеріңізге сала кетейік, жаттықтырушыларды даярлау бағдарламасы 2025 жылғы 3-7 ақпан аралығында "KazAID" Қазақстандық халықаралық даму агенттігінің қолдауымен Дүниежүзілік кеден ұйымымен (ДКҰ) және Жапондық халықаралық ынтымақтастық агенттігімен (JICA) ынтымақтастықта іске асырылды.