
KazAID және IWMI “Blue Peace Central Asia” жобасы аясындағы ынтымақтастық перспективаларын талқылады
2025 жылғы 28 қаңтар, Астана қ. - KazAID Басқарма төрағасы А. Арыстанов Орталық Азия бойынша су ресурстарын басқару жөніндегі халықаралық институттың (IWMI) өңірлік кеңсесінің басшысы Б. Януш-Павлеттпен және Plue Peace Central Asia жобасының өкілдерімен кездесуі өтті.
Кездесу барысында Швейцарияның даму және ынтымақтастық агенттігі (SDC) қаржыландыратын Blue Peace Central Asia жобасы аясындағы ынтымақтастықтың маңызды мәселелері, сондай-ақ Достық: дипломатия бағдарламасын іске асыру мүмкіндіктері талқыланды. Сондай-ақ, тараптар "Арал теңізі бассейнінде суармалы егіншілік секторында технологияларды енгізу" АХҚО жобасын бірлесіп іске асыруға қызығушылық білдірді.
Швейцария Орталық Азиядағы су ресурстарын интеграцияланған басқаруды нығайтуды белсенді қолдайды, бұл ынтымақтастықты күшейтуді және бірлескен шешімдерді іздеуді талап етеді. Кездесу соңында тараптар тұрақты су ынтымақтастығын дамытуға және су үнемдеу технологияларын енгізуге бағытталған өзара іс-қимылды жалғастыру ниетін растады.
Анықтама: Швейцарияның даму және ынтымақтастық агенттігі (SDC) - Швейцарияның мемлекеттік органы, ол дамуға ресми көмекпен (ДРК) айналысады. SDC 30-дан астам елде жұмыс істейді және даму, гуманитарлық көмек, табиғи ресурстарды тұрақты пайдалану және демократиялық институттарды нығайту жобаларын қолдайды. Орталық Азияда SDC су ресурстарына, климаттың өзгеруіне және тұрақты дамуға қатысты жобаларда белсенді жұмыс істейді.