«KazAID» Мониторинг және әкімшілік Департаментінің Менеджері бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды

«KazAID» Мониторинг және әкімшілік Департаментінің Менеджері бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды

«KazAID» Қазақстандық халықаралық даму агенттігі» КЕАҚ мониторинг және әкімшілік Департаментінің Менеджері бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды – 1 бірлік.

 

Үміткерлерге қойылатын талаптар:

1) Жоғары білім;

2) Кемінде 1 жыл жұмыс өтілі;

3) Жазбаша коммуникацияның жоғары дағдылары;

4) Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін іскерлік хат алмасу деңгейінде білу;

5) ҚР еңбек заңнамасын, сондай-ақ іс жүргізу мен мұрағат ісін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді білу;

6) Жеке қасиеттер: ұқыптылық, тәртіптілік.

 

Функционалдық міндеттері:

1) Кіріс және шығыс құжаттарын қабылдау және тіркеу;

2) Іс қағаздарды есепке алу және жүргізу;

3) Қоғам жиналыстары мен отырыстарының материалдарын дайындау және хаттамаларын жүргізу;

4) ҚР Еңбек кодексіне сәйкес кадрлық іс жүргізу;

5) Қызметкерлердің жеке істерін қалыптастыру және жүргізу;

6) Қоғам қызметкерлерінің жұмыс уақытын есепке алу табельдерін ай сайын дайындау;

7) Documentolog ақпараттық жүйесінде құжаттармен жұмыс жасау;

8) Басшылықтың кездесулер кестесін жүргізу;

9) «Қызмет бабында пайдалану үшін» белгісі бар құжаттарды есепке алу және тіркеу;

10) Құжаттардың құндылығына сараптама жүргізу, Қоғам мұрағатының жұмысын, яғни құжаттарды сақтау, есепке алу және бекітілген істер номенклатурасына сәйкес пайдалануды қамтамасыз ету.

 

 

Кандидаттардың түйіндемелері 2024 жылғы «26» желтоқсанға дейін қабылданады.

 

Түйіндемелерді келесі электрондық поштаға жіберу қажет: office@kazaid.kz