2024 жылғы 11 желтоқсанда дипломатиялық мектеп қатысушыларына арналған дәріс өтті

2024 жылғы 11 желтоқсанда дипломатиялық мектеп қатысушыларына арналған дәріс өтті

2024 жылғы 11 желтоқсанда дипломатиялық мектепте "Қазақстан донор ел ретінде: дамуға ресми көмек жүйесінің эволюциясы" атты дәріс өтті.

Лектор: Арыстанов Аркен Кеңесбекұлы, "KazAID" Басқарма Төрағасы, экономика ғылымдарының докторы.

Дәріс Қазақстанда дамуға ресми көмек (ДРК) жүйесін қалыптастырудың негізгі кезеңдерін, оның халықаралық ынтымақтастықты нығайту және тұрақты дамуды іске асыру үшін маңыздылығын атап өтті.

ДРК доноры болған Орталық Азияның бірінші елі ретінде Қазақстанның қосқан үлесіне ерекше назар аударылды. Қазақстан дамушы мемлекеттерді қолдау және тұрақты дамудың жаһандық мақсаттарына сәйкес келетін бастамаларды іске асыру арқылы тұрақтылық пен экономикалық өсуді ілгерілетуде маңызды рөл атқарады.

 

Қатысушылар сұрақтар қоюға және халықаралық дамуға көмек көрсетудің өзекті мәселелері мен перспективаларын талқылауға мүмкіндік алды.