Лекция для студентов MNU

Лекция для студентов MNU

MNU студенттеріне арналған дәріс

2024 жылғы 11 желтоқсанда Астана қ. - Maqsut Narikbayev University-де (КАЗГЮУ) "Қазақстан донор ел ретінде: дамуға ресми көмек жүйесінің эволюциясы" тақырыбында дәріс өтті. 

Дәрісті "KazAID" Басқарма Төрағасы, экономика ғылымдарының докторы Аркен Арыстанов өткізді. Қатысушылар Maqsut Narikbayev University халықаралық қатынастар және құқық факультеттерінің студенттері болды.

Іс-шараны Maqsut Narikbayev University Басқарма Төрағасының орынбасары және KazAID тәуелсіз директоры Айнұр Бағдатқызы Карбозова ашты. Ол өзінің кіріспе сөзінде дамуға ресми көмекті (ДРК) іске асырудың маңыздылығын және KazAID-тің осы миссияны іске асырудағы ерекше рөлін атап өтті.

Дәріс тақырыптары қызу пікірталас тудырды: Қазақстанның донор ел ретіндегі рөлі, "Жұмсақ күш" стратегиясы және ДРК іске асыру тетіктері талқыланды. Студенттер өз көзқарастарымен белсенді түрде бөлісті және халықаралық ынтымақтастықтың жаңа перспективаларын ұсынды.

Дәріс соңында қызықты сұрақтар қойған ең белсенді студенттерге KazAID-тен естелік сыйлықтар табыс етілді.