
2024 жылғы 25 қарашада Бас директорлардың алтыншы Азия-Тынық мұхиты форумы аясында оңтүстік-оңтүстік және үшжақты ынтымақтастық аясындағы ынтымақтастық бойынша жаңа донорлар, елдер арасында дөңгелек үстел (брейнсторминг) өтті.
Іс-шара барысында қатысушылар дамуға ресми көмек (ДРК) саласындағы халықаралық әріптестікті нығайтуға байланысты перспективалар мен сын-тегеуріндерді талқылады. Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша ынтымақтастықтың тиімділігін бағалау және бірлескен жобаларды іске асыру үшін жыл сайынғы сессияларды өткізу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.
Сессияға Индонезия, Таиланд, Түркия, Малайзия, Қазақстан, Әзербайжан, Мексика, Колумбия және Филиппин сияқты елдердің өкілдері қатысты.