
2024 жылғы 25 қарашада Бангкоктағы БҰҰ кеңсесінде KazAID Басқарма Төрағасы А.Арыстановтың Таиланд Корольдігіндегі БҰҰ Тұрақты үйлестірушісі Микаэла Фриберг-Стори және Таиландтағы БҰҰДБ Тұрақты үйлестірушісінің орынбасары Ирина Горюновамен кездесуі өтті.
Кездесу барысында тұрақты дамуға жәрдемдесу үшін бірлескен жобалар мен білім алмасу мүмкіндіктерін қоса алғанда, Қазақстан мен Таиланд арасындағы дамуға ресми көмек (ДРК) саласындағы өзара іс-қимыл перспективалары талқыланды.
Бұған дейін Микаэла Фриберг-Стори БҰҰ-ның Қазақстандағы Тұрақты үйлестірушісі қызметін атқарған, онда ол тұрақты даму бағдарламаларын дамытуға және Қазақстан мен БҰҰ арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға елеулі үлес қосқан.