
KazAID және KOICA халықаралық даму саласындағы ынтымақтастықты нығайтуды талқылады
Астана қ., 18-20 қараша 2024 ж. - Ү.ж. қыркүйек айында «KOICA» Корей халықаралық ынтымақтастық агенттігінің президенті Чан Вон Самның Астана қаласына іссапары аясында қол қойылған өзара түсіністік туралы Меморандумды іске асыру мақсатында «KazAID» Қазақстандық халықаралық даму агенттігінің Басқарма Төрағасы А.Арыстановтың KOICA Жаһандық орталығының Бас директоры Ро Хенджинмен және Халықаралық әріптестік жөніндегі маман Ку Соынмен кездесуі өтті.
Кездесу барысында тараптар халықаралық даму саласындағы бірлескен бастамалар мен ынтымақтастық бағыттарын талқыланып, даму мақсатында тәжірибе және білім алмасу жүзеге асырылды.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар әріптестік байланыстарды одан әрі нығайту және перспективалық жобаларды бірлесіп әзірлеу туралы уағдаласты.