ЕҰУ студенттеріне арналған дәріс

ЕҰУ студенттеріне арналған дәріс

ЕҰУ студенттеріне арналған дәріс

2024 жылғы 15 қараша, Астана - KazAID төрағасы Аркен Арыстанов Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің бірінші курс студенттеріне "Қазақстан – донор ел және қазақстандық дамуға ресми көмек жүйесін дамыту" тақырыбында дәріс өткізді.

Өз дәрісінде ол Қазақстанның әріптес елдердегі орнықты дамуды қолдау жөніндегі күш-жігері және KazAID дамуға ресми көмек (ДРК) бағдарламалары арқылы халықаралық ынтымақтастықты қалай ілгерілететіні туралы айтты. Қазақстанның стратегиялық басымдықтарына, сондай-ақ Орталық Азиядағы ортақ сын-қатерлерді шешу үшін оңтүстік-оңтүстік желісі бойынша әріптестікке және үшжақты ынтымақтастыққа ерекше назар аударылды.