KazAID пен БҰҰ Даму бағдарламасы ынтымақтастықтың перспективалық бағыттарын талқылады

KazAID пен БҰҰ Даму бағдарламасы ынтымақтастықтың перспективалық бағыттарын талқылады

KazAID пен БҰҰ Даму бағдарламасы ынтымақтастықтың перспективалық бағыттарын талқылады

Астана қ., ү.ж. 13 қараша -  «KazAID» Қазақстандық халықаралық даму агенттігінің Басқарма төрағасы А.Арыстанов пен БҰҰ Даму бағдарламасының Қазақстандағы Тұрақты өкілі К.Вавьернианың кездесуі өтті.

А.Арыстанов Агенттіктің қызметі мен оның Орталық Азиядағы әріптес елдердегі дамытуға бағытталған жобалары туралы ақпаратпен бөлісті. Өз кезегінде Вавьерниа ханым қазақстандық агенттіктің жүзеге асырып жатқан даму жобаларының маңыздылығына тоқтала кетіп, өңірде және одан тыс жерлерде KazAID-пен бірлескен жобаларды жүзеге асыруға қызығушылық танытты.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар БҰҰ Даму бағдарламасы, Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі және KazAID арасындағы қол қойылған ниеттер туралы мәлімдеме аясында ынтымақтастықтың ықтимал перспективалық бағыттарын талқылады.

Анықтама үшін:

БҰҰ Даму бағдарламасы кедейлікті жоюға, теңсіздікті және шеттетуді азайтуға және елдер прогреске қол жеткізу үшін тұрақтылықты арттыруға көмектесу үшін 170 ел мен аумақта жұмыс істейді. БҰҰ даму агенттігі ретінде БҰҰ Даму бағдарламасы елдерге Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуге көмектесуде маңызды рөл атқарады. БҰҰДБ Қазақстанның дамып келе жатқан донор ретіндегі рөлін қолдайды, сонымен қатар “KazAID” Қазақстандық халықаралық даму агенттігін құру бойынша консультативтік және сараптамалық көмек көрсетті.