
KazAID және ЕТДҚ өңірдегі орнықты экономикалық өсуге және дамуға жәрдемдесетін болады
2024 жылғы 7 қараша, Астана қаласы – «KazAID» Қазақстандық халықаралық даму агенттігінің басқарма төрағасы Аркен Арыстанов және Еуразиялық тұрақтандыру және Даму Қорының (ЕТДҚ) Басқарушы директоры Андрей Широков институттар арасындағы өзара іс-қимыл туралы негіздемелік келісімге қол қойды. Бірлескен жұмыстың мақсаты — ЕФСР мен KazAID үшін ортақ өңірде тұрақты экономикалық өсу мен дамуға жәрдемдесу.
Тараптар жобалық қызметті қаржыландыруды, бірлескен іс – шараларды ұйымдастыру мен өткізуді қоса алғанда, және қолдау алушы мемлекеттердің тұрақты және теңгерімді өсуіне жәрдемдесетін жұмыстың ықтимал бірлескен бағыттарын талқылады.
Еуразиялық тұрақтандыру және Даму Қоры (ЕТДҚ) — 2009 жылы Армения Республикасы, Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы және Тәжікстан Республикасы құрған көлемі 9 млрд АҚШ долларынан асатын өңірлік қаржы тетігі.