Орталық Азиядан келген оқытушылар үшін "Авиценна: денсаулық сақтау" бағдарламаның басталуы

Орталық Азиядан келген оқытушылар үшін "Авиценна: денсаулық сақтау" бағдарламаның басталуы

KazAID-тің «Авиценна: денсаулық сақтау» бағдарламасы енді студенттермен сәтті басталғаннан кейін оқытушыларды қамтиды

«Авиценна: денсаулық сақтау» бағдарламасы кеңейтілді және қазір студенттерден басқа, оған Орталық Азиядан келген медициналық жоғары оқу орындарының оқытушыларын оқыту компоненті кіреді.

Қырғызстан мен Тәжікстаннан келген 10 оқытушыға арналған апталық оқыту курстары 2024 жылғы 17-23 қазан аралығында Астанада семинар түрінде өтеді. Оқыту барысында қатысушыларға Қазақстандағы медициналық білім берудің әртүрлі аспектілері бойынша ақпарат ұсынылады. Мәдени бағдарлама аясында Астананың көрікті жерлеріне бару жоспарлануда. Оқыту KazAID грантының арқасында өтеусіз негізде жүргізіледі. 

Іс-шараны Астана медицина университеті, Түркияның ынтымақтастық және үйлестіру агенттігінің (TIKA) және Астана даму орталығы қолдауымен «KazAID» Қазақстандық халықаралық даму агенттігі ұйымдастырды.

Естеріңізге сала кетейік, осы жылдың сәуір айында іске асырылған «Авиценна: денсаулық сақтау» бағдарламасына Қырғызстан мен Тәжікстаннан 17 студент қатысты.