"KazAID" және Оңтүстік Африка "African Center for the Constructive Resolution of Disputes"өкілдерінің кездесуі

"KazAID" және Оңтүстік Африка "African Center for the Constructive Resolution of Disputes"өкілдерінің кездесуі

2024 жылғы 15 қазан, Астана - Қазақстандық халықаралық даму агенттігінің «KazAID» Басқарма төрағасы А.Арыстанов пен Оңтүстік Африканың «African Centre for the Constructive Resolution of Disputes» негізін қалаушы В. Гунденнің кездесуі өтті.

Кездесу барысында тараптар ынтымақтастық мәселелерін, сондай-ақ 2024 жылғы 16-17 қазанда өтетін алдағы «Astana Think Tank Forum» форумына қатысуды талқылады. Форумның тақырыбы – «Өзгермелі әлемдік тәртіптегі орта державалар: қауіпсіздікті, тұрақтылықты және орнықты дамуды нығайту». Талқылауға форум шеңберінде жобаларды бірлесіп іске асыру жөніндегі жоспарлар және серіктестік қатынастарды одан әрі нығайту кірді.