
KazAID және JICA алдағы семинар мен 2025 жылға арналған жоспарларын талқылады
2024 жылғы 3 қазанда KazAID және Жапония Халықаралық Ынтымақтастық Агенттігі (JICA) өкілдерінің кездесуі өтті. Кездесу барысында Бұхара қаласында өтетін "Кайдзенге кіріспе" тақырыбындағы алдағы семинар, сондай-ақ 2025 жылға арналған бірлескен жұмыс жоспарлары талқыланды.
2024 жылғы 11-12 қарашада Өзбекстан Респубоикасының Бұхара қаласында өтетін семинар Өзбекстаннан келген кәсіпкерлер мен мамандарға бағытталған. Қатысушыларға бизнес-процестердің тиімділігін арттыру үшін Кайзенді қолданудың теориялық білімі де, практикалық мысалдары да ұсынылады. Семинар бағдарламасында Қазақстан мен Өзбекстан сарапшыларының сөз сөйлеуі, сондай-ақ панельдік пікірталастар жоспарланған.
Кездесу аясында 2025 жылға арналған ынтымақтастық жоспарлары да талқыланды. KazAID және JICA жұмыстың ықтимал бағыттарын, оның ішінде тәуекелдерді басқаруды жақсартуға және Орталық Азияда кәсіпкерлікті дамыту тиімділігін арттыруға бағытталған жобаларды белгіледі.
KazAID және JICA экономикалық дамуды қолдауға және өңірде озық бизнес-тәжірибелерді енгізуге бағытталған әріптестікті нығайтуды жалғастыруда.