KazAID және Қырғыз Республикасының №21 лицейі меморандумға қол қойды

KazAID және Қырғыз Республикасының №21 лицейі меморандумға қол қойды

Алматы, 2024 жылғы 24 қыркүйек –«KazAID» Қазақстандық халықаралық даму агенттігі Алматы технологиялық колледжі (АТК) және Қырғыз Республикасы Джалал-Абад облысының А. Балтагулова атындағы №21 Кәсіби лицей өкілдерімен кездесу өткізді.

 

Келіссөздер барысында тараптар кәсіптік білім беру саласындағы ынтымақтастықты кеңейту перспективаларын талқылады. Негізгі назар А. Балтагулова атындағы №21 Кәсіби лицей оқытушылары бойынша біліктілікті арттыру курстарын ұйымдастыру бойынша бірлескен жобаны жүзеге асыруға бағытталды. Осы жоба аясында оқу үдерісін жақсартуға бағытталған оқу құралдары мен материалдарды беру де қарастырылған.

 

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар аталған жобаны іске асыру және серіктестік қатынастарды одан әрі нығайту ниеттерін бекітетін Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Сонымен қатар, кездесу қатысушылары білім беру және кадрларды даярлау саласындағы ұзақ мерзімді ынтымақтастықты дамыту үшін жаңа мүмкіндіктерді талқылады. Тараптар ынтымақтастықты жалғастыруға және бірлескен бағдарламалардың тиімділігін арттыру үшін тәжірибе алмасуға өзара қызығушылықтарын білдірді.