
COP29 дегеніміз не?
COP29 - климаттың өзгеруіне қарсы қалай күресуге болатынын талқылау үшін ел көшбасшылары, сарапшылар және белсенділер бас қосатын ірі халықаралық климаттық конференция. Жыл сайын бұл іс-шараны БҰҰ ұйымдастырады. 2023 жылы COP28 Дубайда өтті, онда 100 000-нан астам қатысушылар біздің планетамыздың болашағы туралы маңызды пікірталастарға қатысты.
Ал биыл Әзербайжан COP29-ны қабылдайды! Конференция Бакуде 2024 жылдың қараша айында өтеді . Мұнда әлемдік көшбасшылар көміртегі бейтараптығын, экологиялық жобаларды қаржыландыруды және осал аймақтарды қолдауды талқылайды. Бұл елдер үшін тәжірибе алмасудың және климаттық дағдарыспен күресудің жалпы шешімдерін табудың бірегей мүмкіндігі.
Дереккөздер: