Астана, 2024 жылғы 5 қыркүйек – Қазақстандық халықаралық даму агенттігі «KazAID» пен Корей халықаралық ынтымақтастық агенттігі (KOICA) KOICA президенті Чан Вон Самның Қазақстанға сапары аясында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.
Тараптар өзара қызығушылық танытатын секторларда тәжірибе және үздік практикамен алмасуды жүзеге асыруға, KazAID процестерін, тетіктері мен әлеуетін нығайтуды қолдау үшін техникалық көмек, оқыту және білім беруді ұсынуға, сондай-ақ даму бастамаларында ынтымақтасуға ниетті.
KazAID және KOICA серіктестігі тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу үшін азық-түлік қауіпсіздігі мен ауыл шаруашылығы, цифрландыру, тиімді басқару, денсаулық сақтау, климаттың өзгеруі, соның ішінде таза энергия, және білім беру сияқты салаларда елеулі прогреске қол жеткізу үшін мүмкіндіктер жасайды.
Анықтама:
Корей халықаралық ынтымақтастық агенттігі (KOICA) - Корея Республикасы Үкіметінің ДРК бағдарламаларын жүзеге асыратын үкіметтік ұйым; 1991 жылы сәуірде Кореяның Сыртқы істер министрлігімен құрылды.