
KazAID және Еуразиялық тұрақтандыру және даму қорының кездесуі
2024 жылғы 9 тамызда - "KazAID" Қазақстандық халықаралық даму агенттігі мен Еуразиялық тұрақтандыру және даму қоры арасында өткен онлайн-кездесуде тұрақты дамуға бағытталған бірлескен жобалар мен бағдарламаларды іске асыру шеңберінде ынтымақтастық және өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды.
Кездесу аясында екі ұйым да өздерінің ағымдағы бастамалары мен қызметтің басым бағыттарын ұсынды. Еуразиялық тұрақтандыру және даму қоры басқарушы директоры А. Широков сонымен қатар қордың қызметі мен іске асырылған жобалар туралы егжей-тегжейлі баяндайтын презентация өткізді.
Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар бірлесіп жұмыс істеуге дайын екендіктерін білдіріп, KazAID пен Еуразиялық тұрақтандыру және даму қоры арасындағы даму мақсатында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою туралы уағдаласты.
Анықтама: Еуразиялық тұрақтандыру және даму қоры — 2009 жылы Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан құрған өңірлік қаржы тетігі. Қор теріс дағдарыстық салдарларды еңсеру, ұзақ мерзімді орнықтылықты қамтамасыз ету және қорға қатысушы мемлекеттердің экономикаларын ықпалдастыруға жәрдемдесу мақсатында құрылды.