
Ү.ж. 1 тамызында "KazAID" Қазақстандық халықаралық даму агенттігінің өкілдері ДРК саласында тәжірибе алмасу мақсатында АҚШ-тың Астанадағы Елшілігінде АҚШ Халқаралық даму агенттігі (USAID) өкілдерімен кездесу өткізді.
Кездесу барысында қазақстандық тарап USAID-тың Орталық Азиядағы өңірлік миссиясының өкілдерін KazAID қызметі мен секторлық басымдықтарымен таныстырды. Өз кезегінде американдық тарап болашақ жобаларды жүзеге асыруға қызығушылық танытты.