
Ү.ж. 25 шілдесінде «KazAID» Қазақстандық халықаралық даму агенттігі мен Халықаралық Аралды құтқару қорының Атқарушы комитеті арасында тараптар арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Меморандум аясында тараптар экология және су ресурстары саласындағы бағдарламалар мен жобаларды іске асыру шеңберінде ынтымақтасуға, Арал теңізі бассейні проблемалары бойынша жобалар мен бағдарламалардың мониторингін, сондай-ақ ұйымдардың қызметіне байланысты мәселелер бойынша іс-шараларды бірлесіп жүзеге асыруға ниетті.
Тараптар бұл ынтымақтастық экология және су ресурстары саласындағы перспективалық шешімдерге үлес қосатынына сенімді.
Анықтама: Халықаралық Аралды құтқару қорын 1993 жылы Орталық Азия мемлекеттерінің басшылары экологиялық дағдарысты еңсеру және Арал теңізі бассейніндегі әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту мақсатында құрды.