KazAID түрік TIKA-мен кездесу

KazAID түрік TIKA-мен кездесу

KazAID түрік TIKA-мен кездесу

 

А.ж. 19 шілдесінде KazAID Басқарма Төрағасы А.Арыстановтың Қазақстандағы Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігі (TIKA) үйлестірушісі Х. Өзденоғлумен кездесуі өтті.

 

Кездесу аясында дамуға ресми көмек (бұдан әрі – ДРК) саласындағы екі агенттік арасындағы ынтымақтастық пен өзара іс-қимылды нығайту мәселелері талқыланды. KazAID басшысы А. Арыстанов ДРК ұлттық жүйесінің басым бағыттары шеңберінде агенттіктің жоспарланған бағдарламалары туралы ақпарат берді, сондай-ақ түрік тарапына түркі мемлекеттері ұйымы шеңберінде ынтымақтасуды ұсынды.

 

 TIKA үйлестірушісі Х. Өзденоғлу агенттік қызметкерлері арасында тәжірибе алмасу мақсатында ынтымақтастықты тереңдетуге дайындығын білдірді. Кездесу барысында түрік тарапы агенттіктің «Авиценна»: Денсаулық сақтау» KazAID бағдарламасына және басқа да әлеуетті жобаларға қатысуға қызығушылығын растады. Тараптар KazAID және TIKA арасындағы ДРК саласындағы бірлескен жобаларды іске асыру мақсатында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қою мүмкіндігін талқылады.