
KazAID «Қазақстандық халықаралық даму агенттігі» КЕАҚ бос лауазымға орналасуға конкурс жариялайды, атап айтқанда:
Мониторинг және әкімшілік департаментінің бас менеджері – 1 бірлік.
Міндеттері:
- Техникалық түсінік: Бас менеджер құрылыс нормалары мен ережелерін, құрылыс әдістерін, инженерлік жүйелерді және т.б. білуді қоса алғанда, құрылыс пен жобалаудың техникалық аспектілерін түсінуі керек;
- Жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеудегі басқару дағдылары;
- Техникалық және авторлық қадағалауды жүзеге асыратын сарапшылармен тұрақты негізде өзара қарым-қатынас жасасу;
- Байланыс дағдылары: Тапсырыс берушімен, сәулетшілермен, инженерлермен, мердігерлермен және жобаның басқа қатысушыларымен қарым-қатынас жасау, сондай-ақ жұмыс барысындағы даулар мен мәселелерді шешу үшін жоғары деңгейде қарым-қатынас жасасу дағдылары болуы маңызды;
- Аналитикалық қабілеттер: Бас менеджер жобаның техникалық және экономикалық аспектілерін талдауға, тәуекелдерді бағалауға және құжаттаманы әзірлеу процесін оңтайландыру үшін негізделген шешімдер қабылдауға қабілетті болуы керек;
- Ұйымдастырушылық дағдылар: Бас менеджер жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу процесін жоспарлау және басқару, сондай-ақ барлық талаптар мен стандарттардың орындалуын қамтамасыз ету үшін жоғары деңгейдегі ұйымдастырушылық қабілеттерге ие болуы керек;
Үміткерлерге қойылатын талаптар:
- Жоғары техникалық білім – Құрылыс, өнеркәсіптік-азаматтық құрылыс;
-Құрылыста және/немесе жобалауда кемінде 5 жыл жұмыс өтілі;
- Компьютерге сенімді иелік ету-AutoCad, сызбаларды оқу, MS Office, MS Project, Outlook, Excel;
- Аналитикалық дағдылар;
-Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында сараптамалық жұмыстарды жүзеге асыратын сараптама аттестаттарының болуы.
Үміткерлерден түйіндемені қабылдаудың аяқталуы - 2024 жылғы 15 шілде.
Түйіндеме электрондық мекенжайға жіберіледі – office@kazaid.kz