Бас есепші және менеджер лауазымдарына орналасуға конкурс жарияланды

Бас есепші және менеджер лауазымдарына орналасуға конкурс жарияланды

KazAID «Қазақстандық халықаралық даму агенттігі» КЕАҚ бос лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды, атап айтқанда:

  1. KazAID» Қазақстандық халықаралық даму агенттігі» КЕАҚ Бас есепші – 1 бірлік.

Үміткерлерге қойылатын талаптар: Жоғары білімнің болуы. Бухгалтерлік, экономикалық, қаржылық, аудиторлық, бақылау-тексеру, есепке алу-талдау жұмысы саласында немесе жоғары, орта білімнен кейінгі, техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарында бухгалтерлік есеп және аудит жөніндегі ғылыми-оқытушылық қызмет саласында кемінде соңғы 5 жыл жұмыс өтілі.

  1. «KazAID» Қазақстандық халықаралық даму агенттігі» КЕАҚ мониторинг және әкімшілік департаментінің менеджері-1 бірлік.

Үміткерге қойылатын талаптар: орта арнаулы немесе аяқталмаған жоғары білімнің болуы. Жұмыс өтілі 2 жылдан кем емес.

Үміткерлерден түйіндемені қабылдаудың соңғы мерзімі - 2024 жылғы 25 маусым.

Түйіндеме электрондық мекенжайға жіберіледі – office@kazaid.kz