Достық: Дипломатия. Қазақстан Орталық Азия дипломаттары үшін оқытуды жүргізеді

Достық: Дипломатия. Қазақстан Орталық Азия дипломаттары  үшін оқытуды жүргізеді

Қазақстан Орталық Азия дипломаттары

үшін оқытуды жүргізеді

 

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі жанындағы "KazAID" Қазақстандық халықаралық даму агенттігі Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясымен бірлесе отырып, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстаннан келген дипломаттарға арналған "Достық-Дипломатия" бағдарламасы шеңберінде "Өңірлік ынтымақтастық: ТДМ және су дипломатиясын іске асыру мәселелері" семинарын өткізеді. Бағдарлама өз елдерінің орнықты даму саласындағы саясатын қалыптастыруға және іске асыруға қатысатын дипломаттарға арналған.

 

2024 жылғы 10-12 маусым аралығында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясының алаңында Орталық Азиядан келген 15 дипломат ТДМ және су дипломатиясын іске асыру мәселелері бойынша өңірлік ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған оқытуға қатысты. Бағдарламаға орнықты даму жолы, Мемлекеттік органдардың дамуға ресми көмек көрсетудегі рөлі, Орталық Азия елдерінде ТДМ іске асыру кезіндегі міндеттердің өзара байланысының маңыздылығы, су ресурстарына байланысты сын-қатерлерді шешу сияқты тақырыптық сессиялар кіреді. Спикерлер халықаралық Аралды құтқару қоры атқару комитетінің, Экономикалық зерттеулер институтының өкілдері және мемлекеттік басқару академиясының оқытушылары болды. Іс-шара Орталық Азия елдері арасында озық тәжірибе алмасу арқылы өңірлік ынтымақтастықты нығайтуға маңызды үлес болды.

 

Семинар мен мәдени бағдарлама KazAID қаржылық қолдауының арқасында өтті.