
Өткен аптадағы жаңалықтар дайджесті: ҚБТУ өкілімен, Корея Республикасының Адами ресурстарды дамыту жөніндегі ұлттық институтымен (NHI) және Қытай қоғамдық ғылымдар Академиясының делегациясымен кездесу
20 мамыр 2024 ж
ҚБТУ өкілімен кездесу
KazAID ҚБТУ өкілдерімен онлайн-кездесу өткізді, онда робототехника бойынша жоба таныстырылды, сондай-ақ KazAID пен ҚБТУ арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
20 мамыр 2024 ж
Корея Республикасының адам ресурстарын дамыту жөніндегі ұлттық институтымен (NHI)ынтымақтастық
NHI Президенті Ким Че Хван мен KazAID төрағасы А. Арыстановтың кездесуі ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының қолдауымен өтті. Жасанды интеллект (АИ) көмегімен Орталық Азия елдерінің мемлекеттік қызметшілерін оқыту бойынша жобалар талқыланды.
23 мамыр 2024 ж
Қытай Қоғамдық Ғылымдар Академиясының делегациясымен кездесу
KazAID Қытай қоғамдық ғылымдар академиясының ұлттық талдау орталығы мен шекаралық зерттеулер институтының өкілдерімен кездесуге қатысты. Экономикалық және инфрақұрылымдық ынтымақтастық, сондай-ақ мәдени және білім алмасуға ықпал ететін бағдарламалар талқыланды.