"Достық-цифрландыру" бағдарламаны аяқтау: сертификаттар тапсыру

"Достық-цифрландыру" бағдарламаны аяқтау: сертификаттар тапсыру

5-ші күн "Достық-цифрландыру"

 

"Достық-цифрландыру" бағдарламасының соңғы бесінші күні маңызды пікірталастар мен құнды тәжірибе алмасуға толы болды. KazAID төрағасы Аркен Арыстанов қатысушылармен агенттіктің қызметі мен мақсаттары туралы ақпаратпен бөлісті.

 

Сингапурдан келген профессор У Кун Тианмен бірге келесі тақырыптар бойынша мастер-класс өткізілді: Сингапур мен Қазақстанды цифрландырудың қандай аспектілері біздің елдеріміз үшін неғұрлым өзекті, сондай-ақ осы жолда қандай кедергілерді еңсеруіміз керек.

 

Біз "Достық-цифрландыру" бағдарламасының қатысушылары семинарда алған білімдерін пайдаланатынына сенімдіміз және олар өз елін цифрландыру процесіне жаңа идеялар әкеледі деп үміттенеміз.

 

ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік Басқару Академиясының ректоры Абил Ерлан және Аркен Арыстанов сөз сөйлеп, өз сөзінде цифрландыру саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті. Бағдарламаның жабылуы қатысушыларға сертификаттарды салтанатты табыстаумен аяқталды.

 

Бұл күн гала кешкі асспен достық атмосферада жалғастырылды.