"Достық-цифрландыру" 4-ші күні. Қазақстандағы цифрландыру.

"Достық-цифрландыру" 4-ші күні. Қазақстандағы цифрландыру.

4-ші күн "Достық-цифрландыру"

 "Достық-цифрландыру" бағдарламасының төртінші күні қатысушылар ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында Қазақстанның цифрлық трансформация әлеміне енді!

 

Бүгін семинарда "Ақпараттық ұлттық технологиялар" АҚ департамент директоры Асқар Синчев қатысушыларға келесі тақырыптарды ұсынды:

- Қазақстанды цифрландыру бойынша флагмандық жобаларды көрсету.

- Электрондық үкімет архитектурасына шолу.

- Онлайн режимінде мемлекеттік қызметтерді үздіксіз ұсынуды қамтамасыз етуге арналған негізгі технологиялық шешімдер: Smart Bridge, Egov, Mgov.

 

Сонымен қатар, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің трансформация және цифрландыру департаментінің директоры Роза Мұратқызымен сараптамалық кездесу өтті. 

 

Қарқынды семинар мен сарапшылармен кездесуден кейін қатысушылар Ұлттық мұражайға экскурсияға барып, Қазақстанның тарихына, мәдениеті мен ұлттық мұрасына сүңгіп кетті.