KazAID комплаенс-офицер (сыбайлас жемқорлыққа қарсы) бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды

KazAID  комплаенс-офицер (сыбайлас жемқорлыққа қарсы) бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды

«KazAID «Қазақстандық халықаралық даму агенттігі» КЕАҚ комплаенс-офицер (сыбайлас жемқорлыққа қарсы) бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды - 1 бірлік.

          Функционалдық міндеттері:

          1) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша ішкі құжаттарды әзірлеу және енгізу;

          2) «KazAID» КЕАҚ-да тәуекелдерге, оның ішінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу ;

          3) «KazAID» КЕАҚ-да анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне мониторингті және оларды митигациялау және жою бойынша қабылданатын шараларды жүзеге асыру;

          4) «KazAID» КЕАҚ-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері бойынша түсіндіру іс-шараларын жүргізу;

          5) өзге де функциялар.

 

          Үміткерлерге қойылатын талаптар:

          1) тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім (экономика, қаржы, құқықтану);

          2) кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесі;

          3) «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Акционерлік қоғамдар туралы», «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелеріне қатысты өзге де нормативтік құқықтық актілерді білу;

          4) қазақ және орыс тілдерін білу міндетті, ағылшын және өзге де шет тілдерін меңгеру құпталады;

          5) FRM/PRM/PMI-RMP тәуекелдерді басқару саласында сертификаттың болуы қажет;

          6) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс бойынша арнайы даярлықтың болуы, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы жұмыс тәжірибесі кандидаттарды іріктеу кезінде артықшылық болып табылады.

 

          Үміткерлерден түйіндемені қабылдаудың соңғы мерзімі - 2024 жылдың 10 сәуірі.

          Түйіндеме электрондық мекенжайға жіберіледі – office@kazaid.kz