Цифрлік үкіметті қолдау орталығының презентациясы: Достық-цифрландыру

Цифрлік үкіметті қолдау орталығының презентациясы: Достық-цифрландыру

 2-ші күн "Достық-цифрландыру"

 Екінші күні "Достық-цифрландыру" бағдарламасы аясында біз цифрландыру әлеміне Цифрлік үкіметті қолдау орталығаның презентациясымен ендік @dgsc.kz! 

 

Цифрлық үкіметті қолдау орталығының спикерлері қызметтің негізгі бағыттары туралы айтып берді:

1️. цифрлық трансформация: мемлекеттік органдардың тиімді жұмысын қамтамасыз ету және бизнес-процестерді үйлестіру.

  1. бірыңғай жағдайлық орталық: сапалы басқару шешімдерін дайындау және проблемалық жағдайларды талдауға ақпараттық қолдау көрсету.
  2. жобаларды мониторингілеу және басқару: ақпараттандыру объектілерінің орындалуын бақылауды қамтамасыз ету және дамуын басқару.
  3.  e-Government архитектурасы: "Электрондық үкімет" архитектурасын қалыптастырумен және дамытумен айналысады және техникалық құжаттаманы сақтауды қамтамасыз етеді.

Естеріңізге сала кетейік, бағдарламаға қатысушылар-өз елдеріне цифрлық технологияларды белсенді енгізуге келген Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан және Қырғызстанның мемлекеттік қызметшілері.