
"KazAID" Қазақстандық халықаралық даму агенттігі қандай жобаларды іске асыруда?
1) "Достық-дипломатия" - бұл дипломатия саласында пікірталас білім беру диалог алаңын құру мақсатында Орталық Азия елдерінен жас көшбасшыларды тарту жөніндегі бағдарлама;
2) "Достық-цифрландыру" - бұл Орталық Азия елдерінің мемлекеттік қызметшілерінің цифрландыру және тиімді мемлекеттік басқару саласындағы әлеуетін арттыру жөніндегі бірлескен Қазақстан-Сингапур бағдарламасы;
3) "Авиценна-денсаулық сақтау" - медициналық білім беру саласындағы студенттер мен профессор-оқытушылар құрамының академиялық алмасуын қолдау жөніндегі бағдарлама;
4) Әзірбайжан Республикасындағы Құрманғазы атындағы балалар шығармашылығы орталығы құрылысын BI Group компаниясы KazAID жәрдемдесуімен жүргізді.
Іске асырылып жатқан бағдарламалар әртүрлі елдердің мамандарын оқытуға, сондай-ақ олардың кәсіби дағдыларын жақсартуға бағытталған. Бұл бастамалардың мақсаты қатысушылардың біліктілігін арттыру ғана емес, өңірлік деңгейде ынтымақтастықты дамыту болып табылады. Біз іске асыратын бағдарламалар ұлттық және халықаралық мамандардың өсуі мен өркендеуі үшін қолайлы орта құруға ықпал ете отырып, кадрлық әлеуетті дамытуда және елдің әлемдік аренадағы позициясын нығайтуда маңызды рөл атқарады.
Келесі посттарда біз әр бағдарлама туралы жеке-жеке егжей-тегжейлі айтып береміз.