Қазақстан Қырғызстан Республикасына 2000 тонна көлемінде дизель отыны түрінде гуманитарлық көмек жіберді

Қазақстан Қырғызстан Республикасына 2000 тонна көлемінде дизель отыны түрінде гуманитарлық көмек жіберді

Қазақстан Қырғыз Республикасына 2000 тонна көлемінде дизель отыны түрінде гуманитарлық көмек жіберді

        Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша KazAID Қазақстандық халықаралық даму агенттігінің қолдауымен Қырғыз Республикасына дизель отыны түріндегі 2000 тонна жүк бөлінді.   

        

         Естеріңізге сала кетейік, Бішкек ЖЭО-да ағымдағы жылдың 2 ақпанында апат орын алып, Бішкекте жылу және ыстық су мәселелері басталды. Қазақстан жеткізген дизель отыны көлік, ауыл шаруашылығы және медициналық мекемелерді қоса алғанда, тыныс-тіршіліктің түрлі салаларындағы энергетикалық қажеттіліктерді қамтамасыз ету үшін пайдаланылатын болады.

 

       2024 жылғы 28 ақпанда ҚР ТЖМ “Резерв” РМК “Заря” филиалынан 1000 тонна дизель отынының бірінші партиясын 17 вагон-цистернамен жөнелтті.

        Бұл гуманитарлық көмек Қазақстанның көрші елдермен әріптестік қатынастарды дамыту жөніндегі тұрақты күш-жігерінің және бүкіл өңірді дамыту үшін қолайлы жағдай жасауға одан әрі жәрдемдесудің бір бөлігі болып табылады.