Қазақстандағы Тәжікстан Елшілігінің қызметкерлері KazAID және ҚР Президенті жанындағы МБА қолдауымен қазақ тілін үйренуге кірісті

Тәжікстан елшілігі қазақ тілін оқыту курстарын ұйымдастыру идеясымен KazAID-ке жүгінді. ҚР Президенті жанындағы МБА білікті оқытушы Төленбергенова Нәзігүлді ұсынды, ол бүгін елшілікте алғашқы сабағын өткізді. Сабақтарда ауызекі қазақ тіліне және сөздік қорын кеңейтуге ерекше көңіл бөлінетін болады.

Оқу материалды тез және тиімді игеру үшін сабақ аптасына 5 рет 2 академиялық сағаттан өтеді. Бұл тәсіл Тәжікстан елшілігінің қызметкерлеріне 2 ай ішінде мемлекеттік тілді меңгеруге мүмкіндік беретініне сенімдіміз.

Бұл бастама елдеріміз арасындағы мәдени алмасу мен достықтың тамаша үлгісі болып табылады.

Біз ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына осы маңызды бастамаға көмектескені үшін шын жүректен алғысымызды білдіреміз.