Қазақстан мен Өзбекстан стратегиялық әріптестік қатынастарын нығайтуды жалғастыруда

Қазақстан мен Өзбекстан стратегиялық әріптестік қатынастарын нығайтуды жалғастыруда

Қазақстан мен Өзбекстан стратегиялық әріптестік қатынастарын нығайтуды жалғастыруда

 

Ағымдағы жылдың 19 ақпанында Қазақстан тарапының шақыруымен Өзбекстан Республикасының Сыртқы істер министрі Бахтиер Саидов Астанаға ресми сапармен келді.

Кездесуде ҚР Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Чирчик қаласында                  М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің филиалының ашылуына орай Қазақстанға өзбек жас мамандарын мемлекеттік қызметшілерге, дипломаттар мен медицина қызметкерлеріне арналған білім беру курстарына шақырды.

Естеріңізге сала кетейік, бұл оқытуды KazAID "Достық" жобасы аясында жүзеге асырады. Бұл жоба Орталық Азия жастары арасында тәжірибе алмасуға және білім беру диалогын дамытуға бағытталған маңызды бастама болып табылады.

Мұндай алмасу білім беру көкжиектерін кеңейтуге ғана емес, сонымен қатар Орталық Азия халықтары арасындағы мәдени және рухани түсінікті нығайтуға және өз кезегінде әртүрлі салаларда берік достық байланыстар мен ынтымақтастықты орнатуға ықпал етеді.