KazAID Директорлар кеңесінің құрамы жаңартылды

KazAID Директорлар кеңесінің құрамы жаңартылды

Ағымдағы жылдың 26 қаңтарында «KazAID» Қазақстандық халықаралық даму агенттігінің Жалғыз акционерінің шешімімен KazAID Директорлар кеңесінің құрамы жаңартылды. Директорлар кеңесінің құрамынан Тәуелсіз директор Шерхан Мамырұлы Сүгірбеков шығып, Тәуелсіз директорлар ретінде «Қазақстан Баспасөз клубы» АО ҚБ Президенті және Серіктесушісі Әсел Әділқызы Қарауылова мен Maqsut Narikbayev University (КАЗГЮУ) Басқарма Төрағасының Стратегия және HR жөніндегі Орынбасары Айнұр Бағдатқызы Кәрібозова сайланды.