KazAID 2024 жылғы «Цифрлық басқару және электрондық үкіметті дамыту» бағдарламасына өтінімдерді қабылдау мерзімінің жалғасуы туралы еске салады

KazAID 2024 жылғы «Цифрлық басқару және электрондық үкіметті дамыту» бағдарламасына өтінімдерді қабылдау мерзімінің жалғасуы туралы еске салады

«KazAID» Қазақстандық халықаралық даму агенттігі Сингапур Республикасының Сыртқы істер министрлігімен бірлесіп ұйымдастырылатын Орталық Азияның мемлекеттік қызметшілері үшін «Цифрлық басқару және электрондық үкіметті дамыту» бағдарламаcына өтінімдерді қабылдау мерзімінің жалғасуы туралы еске салады. Бағдарлама ағылшын тілінде жүргізіліп, қатысушыларға Қазақстан мен Сингапур тәжірибесіндегі мемлекеттік басқаруды оңтайландыру мақсатында технологияларды пайдалануды зерделеуге, үкіметті, экономика мен қоғамды цифрландырудағы мүмкіндіктер мен сын-қатерлерді талқылауға, сондай-ақ цифрлық трансформацияны қолдау үшін мемлекеттік қызметтердің әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді.

Толығырақ біздің ақпараттық брошюрадан біле аласыздар.