ЭЫДҰ Дамуына жәрдемдесу комитетіне 2022 жылғы ДРК ағындары бойынша Қазақстан Республикасының есебіне шолу

ЭЫДҰ Дамуына жәрдемдесу комитетіне 2022 жылғы ДРК ағындары бойынша Қазақстан Республикасының есебіне шолу

2015 жылдан бастап Қазақстан Республикасы жыл сайын ЭЫДҰ Дамуға жәрдемдесу комитетіне дамуға ресми көмек көлемі туралы жиынтық есептерді ұсынады.

Алдын ала бағалаулар бойынша, 2022 жылғы көмек көлемі 36,86 млн. АҚШ долларын құрады, оның ішінде халықаралық ұйымдарға міндетті және ерікті жарналар, техникалық және гуманитарлық көмек пен білім беру гранттары.

2022 жылы Қазақстан ДРК-нің көп бөлігін екіжақты негізде ұсынды. Жалпы екіжақты ДРК 36,86 млн. АҚШ долларын немесе ДРК жалпы көлемінің 90% құрады. Қазақстан көпжақты арналар бойынша ДРК жалпы көлемінің 3,62 млн. АҚШ долларын немесе тиісінше 10%-ын бөлді.

ЭЫДҰ ДЖК статистикасына сәйкес Қазақстанның ДРК көлемі 2021 жылы 43,5 миллион АҚШ долларын құрады. 2021 жылмен салыстырғанда 2022 жылғы долларлық баламадағы ДРК көрсеткіштерінің қысқаруының себебі ресей рублінен басқа АҚШ долларына қатысты барлық есепті валюталардың (теңге, еуро, швейцариялық франк, фунт стерлинг) арзандауы болып табылады.

Көрсеткіштердің одан әрі дамуын болжау республикалық бюджеттің өсуіне тікелей байланысты. Дегенмен, KazAID жобаларын қаржыландыру шеңберінде техникалық көмектің шамалы ұлғаюын күтуге болады.