«KazAID» Қазақстандық халықаралық даму агенттігі бос лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды

«KazAID» Қазақстандық халықаралық даму агенттігі бос лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды

«KazAID «Қазақстандық халықаралық даму агенттігі» КЕАҚ бос лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды, атап айтқанда:

SMM-менеджері – 1 бірлік. Функционалдық міндеттері: Қоғамның әлеуметтік желілерін және сайтын жүргізу; ақпараттық материалдарды әзірлеу және оларды әлеуметтік желілерде және сайтта орналастыру; әлеуметтік желілердегі ақпаратты есепке алу, статистикалық деректерді талдау; мақсатты жарнаманы жүзеге асыру; медиа материалдарды дайындауды жүзеге асыру, әлеуметтік желілер беттерінде және сайтта орналастыру үшін фото және бейнетүсірілімдерді ұйымдастыру; жеке жұмыстар жоспарын жасау және орындалған іс-шаралар бойынша есеп беру; Қазақстан Республикасының заңнамасына, Қоғам органдарының шешімдеріне және Қоғамның ішкі құжаттарына сәйкес өзге де функциялар.

Үміткерлерге қойылатын талаптар: Жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім. SMM менеджері лауазымындағы жұмыс тәжірибесі кемінде 1 жыл. Міндетті түрде қазақ тілін білу В2 деңгейінен төмен емес, Халықаралық және Еуропалық классификацияға сәйкес ағылшын тілін В2 деңгейінен төмен емес білу.

Үміткерлерден түйіндемені қабылдаудың соңғы мерзімі - 2024 жылғы 19 қаңтар.

Түйіндеме электрондық мекенжайға жіберіледі – office@kazaid.kz »