
Душанбе, 2023 жылғы 21 желтоқсан – Қазіргі уақытта Қазақстан Орталық Азия өңірінің елдерімен даму мақсатында ынтымақтастық жандандыруда. Негізгі бағыттардың бірі біздің еліміз мемлекеттік басқарудың электрондық платформасын құруда инновациялық тәжірибеге ие отандық IT – технологияларды ілгерілету болып табылады. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы мен Тәжікстан Республикасы арасындағы одақтастық өзара іс-қимыл туралы декларация шеңберінде, сондай-ақ электрондық үкімет платформасының жүйелерін беру саласындағы ынтымақтастық туралы өзара түсіністік туралы меморандумды іске асыру мақсатында 2023 жылғы 21 желтоқсанда Тәжікстан Республикасының Душанбе қаласында KazAID брендімен «eGOV» электрондық үкіметінің бағдарламалық қамтамасыз етуі техникалық грант ретінде салтанатты түрде табысталды. Іс-шараны Қазақстан Республикасының Тәжікстан Республикасындағы Елшілігінің қолдауымен «KazAID «Қазақстандық халықаралық даму агенттігі» КЕАҚ және «ҰАТ» АҚ жүзеге асырды.
Мемлекет басшысы Қ. К. Тоқаевтың бұл бастамасы IT – технологиялар саласындағы қазақстандық жетістіктерді экспорттау үшін мүмкіндіктерді кеңейте отырып, Қазақстан Республикасы ұсынатын дамуға ресми көмектің сапалы прецеденті болады.
«KazAID» Қазақстандық халықаралық даму агенттігі» КЕАҚ және «ҰАТ» АҚ Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі мен Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің қолдауымен өткізуге дайын «eGOV» электрондық үкіметінің жұмысын қамтамасыз ету үшін персоналды оқыту қажеттілігіне әкелетіндіктен жобаның ұзақ мерзімді перспективалары бар екендігі айта кету жөн.