KazAID "Түркия Республикасында мектеп салу бойынша үздік эскиздік жоба" байқау мерзімін ұзартады

KazAID "Түркия Республикасында мектеп салу бойынша үздік эскиздік жоба" байқау мерзімін ұзартады

«KazAID» Қазақстандық халықаралық даму агенттігі «Түркия Республикасында мектеп салу бойынша үздік эскиздік жоба» байқау мерзімін ұзартады.

 

БАЙҚАУДЫҢ МАҚСАТЫ:

Түркия Республикасында мектеп салу үшін ұлттық қазақи колориті бар сапалы және креативті эскиздік идеяларды алу. Ұлттық қазақи колоритінің болуы байқаудың міндетті шарты болып табылады;

 

БАЙҚАУ ҚАТЫСУШЫЛАРЫ:

Байқау қазақстандық жоғары оқу орындарының сәулет факультеттерінде оқитын студенттер арасында өткізіледі;

 

БАЙҚАУ ӨТКІЗУ МЕРЗІМДЕРІ:

Байқауға қатысуға өтінім «KazAID «Қазақстандық халықаралық даму агенттігі» КЕАҚ-ға беріледі.


Өтінімдерді қабылдау 2023 жылдың 31 желтоқсанына дейін қоса электрондық мекенжай бойынша жүзеге асырылады: s.nurzhan@kazaid.kz

Байқау қорытындысының шығарылуы - 2024 жылдың 15 қаңтарында.

Жеңімпаздарды марапаттау - 2024 жылдың 20 қаңтарында.

 

БАЙҚАУ ШАРТТАРЫ:

Комиссия берілген өтінімдер мен материалдарды қарастырады, орындалған жұмысты он балдық шкала бойынша бағалап, жеңімпазды келесі критерийлер бойынша айқындайды:

1) көркем идеяның өзіндік ерекшелігі;

2) идеяның негіздемесі бар аннотацияның болуы (түсіндірме жазба);

3) мәлімделген тақырыпқа сәйкестігі;

4) көлемдік-кеңістіктік шешімнің болуы (габариттері, өлшемдері және т. б.);

Байқаудың ең жоғары бағасы - 40 балл.

Эскиздік жобалар PDF форматында қабылданады.


БАЙҚАУ ҚОРЫТЫНДЫСЫН ШЫҒАРУ:

Ең көп балл жинаған қатысушы байқаудың жеңімпазы болып танылады.

Байқау нәтижелерін шығаруды комиссия жүзеге асырады.

Байқау қорытындысын шығару бойынша комиссия отырысының хаттамасы ресімделеді.

Байқау жеңімпазы сертификат және ASUS ноутбугімен марапатталады.