
Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың тапсырмасы бойынша «KazAID» Қазақстандық халықаралық даму агенттігінің өкілі палестина халқына гуманитарлық жүкті үйлестіру мен сүйемелдеуге қатысты. ҚР Сыртқы істер министрлігінің, Төтенше жағдайлар министрлігінің, Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдерімен бірлесіп арнайы авиабортпен гуманитарлық жүкті жеткізу жүзеге асырылды.
Жалпы салмағы 38 тоннадан асатын азық-түлік, төсек-орын жабдықтары, дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдарды қамтитын гуманитарлық көмек Египеттің Қызыл Жарты Айына берілді.
Сондай-ақ, қақтығыс аймағынан Астана қаласына Қазақстан Республикасының азаматтары мен олардың отбасы мүшелері 28 адам эвакуацияланды.