KazAID БҰҰ БЖКБ-мен кездесу өткізді

KazAID БҰҰ БЖКБ-мен кездесу өткізді

2023 жылғы 7 желтоқсан - «KazAID» Қазақстандық халықаралық даму агенттігінің Басқарма Төрағасы А.Арыстановтың БҰҰ-ның Орталық Азия бойынша Босқындар істері жөніндегі Жоғарғы комиссары басқармасының (БҰҰ БЖКБ) өкілі Ханс Фридрих Шоддермен және Қазақстандағы БЖКБ Ұлттық кеңсесінің басшысы Ирина Биляловамен кездесуі өтті.

Әңгіме барысында Х.-Ф. Шоддер өзекті геосаяси жағдай контекстінде БҰҰ БЖКБ өңірлік қызметі және босқындар мен пана іздеушілердің мәселелері бойынша Қазақстан Үкіметімен өзара іс-қимыл туралы хабардар етті. Тараптар БҰҰ БЖКБ мен KazAID арасындағы JICA және KOICA сияқты агенттіктермен босқындарға үшжақты форматта көмек көрсету бойынша ынтымақтастық мүмкіндігін талқылады.