
2023 жылғы 4-8 желтоқсан, Сеул, Корея Республикасы - «KazAID» Қазақстандық халықаралық даму агенттігі Қазақстан БҰҰДБ-мен жоба шеңберінде Корея Республикасының Сеул қаласына сапар ұйымдастырды.
Бұл сапардың мақсаты Пусан жаһандық әріптестік форумына қатысу, сондай-ақ ДРК саласында Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы әріптестік қатынастарды құру арқылы өңірлік ынтымақтастықты нығайту болды.
Сапар барысында Кореяның халықаралық ынтымақтастық агенттігінің (KOICA), Жаһандық жасыл гүлдену институтының (GGGI) және Азия-Тынық мұхиты АКТ дамыту оқу орталығының (APCICT) өкілдерімен екіжақты кездесулер өткізілді.