
2023 жылғы 27-28 қараша, Бангкок, Таиланд - Қазақстан Республикасы «KazAID» Қазақстандық халықаралық даму агенттігінің Басқарма Төрағасы Аркен Арыстанов атынан «Цифрлық инновация және Оңтүстік-Оңтүстік ынтымақтастық: Азия–Тынық мұхиты аймағында тұрақты дамуды ынталандыру» тақырыбында Оңтүстік-Оңтүстік және үшжақты ынтымақтастық жөніндегі Азия-Тынық мұхиты Бас директорлар форумының бесінші сессиясында төрағалық етті.
Аталған іс-шараға әлемнің 40 елінен 130 өкіл қатысты. Форум халықтың цифрлық технологияларға қол жетімділігі, инновациялық цифрлық шешімдердің көмегімен өңірдегі тұрақты даму міндеттерін шешу, сондай-ақ техникалық көмек көрсету бойынша жаңа операторлардың қажеттіліктері мәселелері бойынша тәжірибе алмасу және пікірталас алаңына айналды.